60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

500

Қазіргі уақытта олар жұмыстан босатылды. 

60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы білім басқармасы аймақтағы білім ошақтарындағы қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің бірнеше жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды..

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, олардың барлығы жұмыстан босатылған.

"Облыстың педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - делінген білім басқармасының хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу