Келер жылдан бастап жалақысы 60 мыңнан аспайтын қазақстандықтар үшін салық жүктемесі 10 есеге азаяды, деп хабарлайды 24.kz.
Елімізде шамамнн 2 млн адам осындай жалақы алады.
Халықпен есептік кездесу өткізген Ұлттық экономика министрі осылай деді. Тимур Сүлейменов өткен жылдың қорытындыларымен де бөлісті.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей жауапты құзырлы органның оң нәтижелері аз емес. Мысалы, Индустрияландыру картасы аясында былтыр 120 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде он мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
"Нұрлы жол" бойынша 4 мың шақырым жол жөндеу көрсе, "Нұрлы жер" 100 мың қазақстандықтың баспаналы болуына септігін тигізді.
"2017 жылы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейін растауы және болжамының терістен тұрақтыға жақсаруы оң өзгерістердің куәсі болды. 2018 жылғы зерттеу қорытындылары бойынша әлемдік бәсеге қабілеттілік рейтінгісінде Қазақстан 38-орынға ие болады", – деді ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.