60 мыңға жуық жұмыссыз адамға әлеуметтік төлем жасалған

615

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметке сәйкес, оған 8 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Өткен жылы әлеуметтік төлемді жұмысынан айырылған 106 мың адам алды.

60 мыңға жуық жұмыссыз адамға әлеуметтік төлем жасалған

Бұл туралы "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Елімізде 450 мыңға жуық азамат жұмыссыз. Бұл ресми статистика. Кейбір адамдар бұл әлеуметтік төлемнің бар екендігінен хабарсыз. Бұл төлем ол азамат жұмысқа тұрғанша беріледі", - деді спикер.

Әлеуметтік төлемді Жұмыспен қамту орталығында немесе электрондық еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар ғана алады. 

Айта кетейік, Әлеуметтік сақтандыру жүйесі елімізде 2005 жылдан бастап енгізілген. 

"Бұл жүйеден барлық қазақстандық мүгедектік, асыраушысынан айырылу сияқты қиын әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда мемлекеттік бюджеттен базалық әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлем барлық Қазақстан азаматына табысына қарамай тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылар түрінде беріледі. Ал, екінші деңгей бұл жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды. Елімізде қазір 6,6 млн жұмыс істейтін азаматтарды қамтитын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Мемлекеттік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асып келеді", - деді Қордың Бас директоры.

6,6 млн жұмыс істейтін азаматтар қатарына жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар, бірыңғай әлеуметтік төлем төлейтіндер және жеке практикамен айнылысатын азаматтар кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу