"2019 жылы 109 командалық-штабтық оқу-жаттығу мен дайындық, 50 000 астам жауынгерлік даярлық шаралары, оның ішінде 3 700-ден аса жауынгерлік ату мен тактикалық оқу-жаттығулар, олардың 1 500-і түнде жүзеге асырылды. 60 мыңнан аса негізгі әскери-есептік мамандар даярланды. Атап айтқанда, атқыш, граната лақтырушы, нысанашы, жүргізуші және тағы да басқалары", – деді Тимур Дәндібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының деңгейін Армия халықаралық ойындарының нәтижесінен көруге болады. Ал Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы биыл жалпы командалық есепте үш сайыста абсолютті жеңімпаз атанып, үздік үштікке енген.