60 мыңнан астам оқушыға бір ай ішінде робототехниканы игеріп алу мүмкіндігі бар

297

Алматының Оқушылар сарайында 60 мыңнан астам оқушыны бір ай ішінде робототехниканы, дрондарды басқаруға үйрету және өзге үйірмелерге қатысу қолжетімді. 

60 мыңнан астам оқушыға бір ай ішінде робототехниканы игеріп алу мүмкіндігі бар Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала оқушылары үшін зымыран жасау және аэроорталық, планетарий, VR және дрондарды басқару зертханасы, физика, химия, биология және гидропоника бойынша ғылыми зертханалар, сондай-ақ робот жасау, IT-бағдарламалау және басқа да ұшыру алаңдары бойынша үйірмелер ашылды. Сондай-ақ, спорттық, көркемдік, әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жаңа үйірмелер іске қосылды.

Бұл пайдалы үйірмелер енді аптасына 15 мыңнан астам алматылық оқушыны, ал күніне 3000 – ға жуық баланы қабылдай алады. Модернизацияланудан кейінгі Оқушылар сарайының жобалық қуаты осындай.

Айта кетерлігі, Оқушылар сарайы 1983 жылы салынған тарихи маңызы бар сәулет нысаны болып табылады.

2019 жылы Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес Оқушылар сарайына туристер мен натуралистер станциялары, №12 балалар музыкалық мектебі және №4 джаз балалар музыкалық мектебі өздерінің материалдық базасымен және қаржыландыруымен қосылды.

Өткен жылы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарықтандыру ауыстырылды, жаңа ағаштар мен гүлзарлар отырғызылды, көгалдандыру жүргізілді, суару жүйесі тартылды, жабындылар төселді. Сондай-ақ жаңа орындықтар мен урналар орнатылып, субұрқақ салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу