60 мыңнан астам жалған дәрілік препарат дайындағандар сотталды

834

Жедел іс-шаралар барысында барлығы 60 000 астам қапталған "Ротоцеф", "Солкасерил", "Кальций Д3 никомед", "Цераксон" және т.б. сауда атауларымен шыққан күмәнді дәрілік препараттары тәркіленген болатын.

60 мыңнан астам жалған дәрілік препарат дайындағандар сотталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ірі астыртын цехті ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Covid-19 пандемиясы кезеңінде болған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері дәрілік препараттарға арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ одан әрі тексеру кезінде Алматы облысының Іргелі кентінде астыртын цехтің қызметі анықталды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады. Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 262-бабы 1-бөлігі (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету сол сияқты оларға қатысу), ҚР ҚК 323-бабы 3-бөлігі (жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп танылды оларға 5,6 жылдан 7,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу