Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстаудан салынған 60 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді, деп хабарлайды atr.kz.
Тұрғындарға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаған Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев: "әртүрлі әлеуметтік топтарға қолдау көрсету негізінде ауданымызда екінші үй беріліп жатыр. Бұл тұрғын үй облыс басшыларының, облыстық құрылыс басқармасының қолдауымен және "NCOC" (North Caspian Operating Company) компаниясының демеушілігімен салынды. Құрметті аудан тұрғындары, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, қоныстарыңыз құтты болсын", - деді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу