600-ден астам адамды сан соқтырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

187

Ол жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатты заңсыз иемденген. 

600-ден астам адамды сан соқтырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды Фото: видео скриншот

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.

Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу