600-ден астам медициналық ұйым коронавирусқа дейінгі жұмыс қалпына көшті

594

1 тамыздан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды.

600-ден астам медициналық ұйым коронавирусқа дейінгі жұмыс қалпына көшті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында аймақтар бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуды қалпына келтіру күні көрсетілген медициналық ұйымдардың тізімі пайда болды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып, жүргізе бастады.

2020 жылдың 10 тамызына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша елімізде медициналық сақтандыру қорының 626 медициналық ұйымы жоспарлы медициналық көмек, оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, реанимациялық, акушерлік – гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бейіндер, торакалдық хирургия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Ең көп медициналық ұйымдар Алматы (67), Шығыс Қазақстан (54), Алматы (50) облыстарында жұмысын қайта бастады.

Айта кету керек, 626 медициналық ұйымның ішінде жеке клиникалардың саны айтарлықтай жеткілікті.

"Коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатыспайтын медициналық ұйымдар жұмысын қайта бастауға мүмкіндік алды. Әр аймақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр түрлі болатын жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастаудың жеке жоспарын жасады. Оны аймақтық штаб бағалайды", – деп ӘМСҚ баспасөз қызметінде атап өтілді.

Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген медициналық қызметтер жоспарлы түрде тоқтатылды. Енді олардың қайта жандануымен жоспарлы медициналық көмекті тұтынудың айтарлықтай өсуі күтілуде. Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізгеннен кейін медициналық ұйымдарға стационарлар ашуға рұқсат беріледі.

"Медициналық қызметтерді тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, үшінші тоқсанда ағымдағы жылға жоспарланған көлемдер орындалуы мүмкін. Мысалы, бірінші тоқсанда жоспарлы емдеуге жатқызу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80% - ға өсті. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда мамандандырылған медициналық көмек 15% – ға, медициналық оңалту 35% - ға ұлғайды. Қор өз тарапынан қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізеді", – деді қордан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу