600-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

756

 600-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

Жапонияда "Талим" дауылы соғып, 600-ге жуық әуе рейсі ұшпай қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір дүлей жел Кагосима префектурасына жеткен. Асакура қаласының біраз тұрғыны арнайы орталықтарға барып паналауға мәжбүр. Өйткені мұндай дауылдардан әбден қорқып қалғандарын айтады.

Ал ауа райын болжау орталығы: "Секундына 35-40 метр жылдамдықпен соққан жел елдің оңтүстік-батыс бөлігіне нөсер жаңбыр әкеліп, су тасқыны мен алып толқындар болады", – деп отыр. Кюсю мен Сикоку аралына 350 миллиметр жауын жаууы ықтимал. "Сондай-ақ "Талим" ел астанасы Токиоға жеткенде желдің күші тағы күшейе түседі", – дейді.

Айта кетейік, дауылдың бұл түрі өткен аптаның ортасында Қытайдың оңтүстік-шығысында соғып, билік 200 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу