600-ге жуық медицина қызметкері неонаталды жан сақтау курсынан өтеді

855

600-ге жуық медицина қызметкері неонаталды жан сақтау курсынан өтеді

Түркия Республикасы үкіметі жанындағы түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі елімізде ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Осы шара аясында 600-ге жуық қазақстандық акушер мен орта буынды медицина қызметкерлері, неонаталды жан сақтау курсынан өтеді, деп хабарлайды 24.kz.

Курс аяқталған соң оларға арнайы сертификаттар табыс етіледі. Бұл халықаралық дәрігерлер қауымдастығының әрбір жаңа туған жас нәрестені аман алып қалуға арналған арнайы бағдарламасы. Алдымен тест сұрақтары арқылы қатысушылардың білім-білігі тексеріледі. Теориялық және практикалық курстан өткен соң дәрігерлер қорытынды тест тапсырып, аталған халықаралық бағдарлама бойынша білімін жетілдіргенін растайтын сертификаттарға ие болады.

Халықаралық деңгейдегі мұндай тәжірибе алмасулар өз кезегінде ана мен бала өлімін азайтуға оң әсер етеді. Өйткені жаңа туған жас нәрестенің шетінеуі көбіне сәби іңгәләп, дүниеге келген алғашқы 30 секундттың ішінде дәрігерлік көмектің дұрыс көрсетілмеуінен болады. Бұл мамандардың пікірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу