600-ге жуық тегін автотұрақ бар

1008

600-ге жуық тегін автотұрақ бар

Бүгінгі таңда Қазақстанның басты әуежайында 600-ге жуық тегін автотұрақ орны бар. Бұл ағымдағы жолаушылар ағынына жеткілікті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Баспасөз туры аясында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық жаңа терминалынында ақылы тұрақта орын алған қолайсыз жағдай жайлы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеме жасады.

Белгілі бір көлік орнына осындай тарифті еңгізу себебі ең алдымен тәртіпті орнату және заңсыз такси жүргізушілерімен күресу болып табылады, деді журналистерге Б.Игенберндинов.

"Билік өкілдері бұл арқыла пайда табуды көздеп отырғаны жоқ, бұл ең алдымен – қауіпсіздік болып табылады. Қорға түсетін пайда көлік сервисін дамытуға жұмсалады. Тарифтік тор "Astana LRT"басшылығымен жүзеге асырылды. Төмен тариф заңсыз таксистерге автотұрақ маңын тұрақтауға ыңғайлы еді. Себебі, 2000-3000 теңге олар үшін аса рөл ойнамайтын еді", -деп түсіндірді Игенбердинов.

Қалада үшін бұлжаңалық таңқаларлық дүние емес. Себебі, осындай тәртіптің арқасында ескі әуежайда тәртіп орнаған болатын.

"Бізде бұрыңғы теміржол вокзалын қалыпқа келтіру бойынша тәжірибеміз бар. Бүгінде бұрыңғыдай астан –кестен болып жататын жағдай жоқ деп нақты айта аламыз. Сондай жұмыстарды осы жерде де жүргіздік. Сол кездері тегін көлік қоятын орын болғандықтан қыста қоқысты шығару тәрізді жұмыстарды жасау мүмкін болмаған", - деп атап өтті Б. Игенбердинов.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының 3 көлік қоятын орын бар.

Бірінші аумақ – 806 орынға шақталған ашық ақылы орын. Тарифына келсек, 30 минутқа дейін тегін, 30 минуттан 2 сағатқа дейін 400 теңге, 2 сағаттан 24 сағатқа дейін -1500 теңге және бір тәулікке 33 000 теңге, 24 сағаттан көп болса, сағатына 2500 теңге. Бір тәуліктен екінші тәулікке ауысса, құны60 000 теңгені құрайды.

Бұл іс-шаралар көліктің көп келуін қамтамасыз етіп, көлік қоятын орындардың ауқымын кеңейту. Әуежайдан қысқа мерзім аралығында сиымдылығы806 орынға дейін жеткізу жоспары бар.

Сонымен қатар мамандар бұдан арзан әрі жабық көлік қоятын орын барын айтады. Бұл тәулігіне бар болғаны 2000 теңгені құрамақшы. Онда 266 көлік сыяды. Сонымен қатар жолаушыларды қарсы алып, шығарып салатын адамдар үшіныңғайлы болуы үшін жабық көлік қоятын орын қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу