600 мың адам ауыз суға мұқтаж – Үкімет басшысы

532

2025 жылға дейін 25 қала мен 1 395 ауыл халқын таза ауыз сумен қамту мәселесі тұр.

600 мың адам ауыз суға мұқтаж – Үкімет басшысы

Елімізде 600 мыңнан астам адам әлі де ауыз суға жарымай отыр. Әйтседе оған жауапкершілікпен қарап отырғандар аз дейді, Премьер-Министр. Үкіметтің алдында 2025 жылға дейін 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамту мәселесі тұр. Бұл мақсатта республиканың әрбір елді мекенін қамтитын тиісті жоспар әзірленген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Биыл  сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлініпті. Бұл қаржы 402 жобаны іске асыруға жұмсалады. Алайда Әлихан Смайылов ауыз сумен қамтудың баяу жүріп жатқанын сынға алды.

"Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша сумен қамту ауылдарда 93%, ал қалаларда 98,1% құраған. Яғни жылдың өсім 1% де жетпей отыр. Елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз етудің жоспарлы көрсеткіштері орындалмай қала ма деген үлкен қауіп бар. Яғни бұл аталған мәселеге қатысты жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс істей алмай отыр деген сөз", - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу