600 мың теңге жалақы аңыз ба, ақиқат па?

2129

Өткен жылы Ұлыбританияда жұмыс ұсынған халықаралық алаяқтар 20 қазақстандықты алдап кеткен.   

600 мың теңге жалақы аңыз ба, ақиқат па?

Кейбір сайттарда "Кореяда жұмыс ұсынамыз, еңбекақы 600 мың теңгеден 1 млн-ға дейін" – деп жазылған. Интернетті ашып қалсаңыз осы іспетті жарнамадан көз сүрінеді.

Мұндай ақшаны түсінде де көрмеген қарапайым халық не істейді? Әрине,  сілтеме бойынша өтеді. Ондағы жарнама тіпті де елітеді, "Егер Сіз жоғары жалақы алып әрі шетелді көргіңіз келсе, өзге елдің мәдениетімен танысамын десеңіз бізге келіңіз" – делінген. Осы сияқты жарнамалардың әсері болса керек, бүгінде шет мемлекеттерге жұмыс іздеп кеткендер саны 30 мыңнан асқан. Өткен жылы 40 мың адам Ресей, Германия, Польша, АҚШ, Канада, тіпті Израильге кеткен. Биыл біздің елден өзге мемлекеттерге еңбек етуге баратындардың саны, жыл соңына дейін, 90 мыңға жетуі мүмкін. Бөл жөнінде Regnum  ақпараттық агенттігі осындай болжам жасаған. Ең сорақысы – Ресейге заңсыз жұмыс істеуге баратын қазақтар сол жақтағы келімсек тәжіктер мен қырғыздарды басып озуы мүмкін. Сұранысқа ие мемлекеттердің тағы бірі – Оңтүстік Корей елі.  Визасыз режим енгізілгелі ол жаққа кететіндер саны тіпті артқан. Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің дерегінше, ол жақта 11 мыңға жуық қазақстандық еңбек мигранттары жүр. Бұл тек қана бір елде жүргендердің саны. Ал әлем бойынша қанша Қазақстан азаматы заңсыз еңбек етіп жүр ?

Шетелде жұмыс ұсынушылардың дені туристік визамен жіберетіндері белгілі.  Бірақ соны қарапайым халық өкінішке орай ескермейді. Салдарынан жер сипап қалатындар жетерлік. Мысалы, өткен жылы Ұлыбританияда жұмыс ұсынған халықаралық алаяқтар 20 қазақстандықты алдап кеткен.  Салдарынан Чехияға барғандар ақшасыз, далада қалған. Осы іспетті тағы бір жағдай Шымкентте де тіркелді.  Осыдан үш жыл бұрын 15 адам

Жапонияға жақсы табысы бар жұмысқа бармақ болып, туристік компанияға әр қайссысы шамамен 3 мың доллардан берген. Бірақ олар Кореяға барып, әрі аса алмай қайтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу