600 мыңнан асатын сириялық босқын отанына оралды

935

 600 мыңнан асатын сириялық босқын отанына оралды

Осы жылдың бас кезінен бері ұзын саны 600 мыңнан асатын сириялық босқын отанына оралды, деп хабарлайды islam.kz.

Соғыстың сойқанынан бас сауғалап, әлемнің әр түкпіріне тарыдай шашырап кеткен сириялық босқындар біртіндеп атамекеніне оралып жатыр. Олардың дені ел астанасы - Дамаскі қаласынан кейін аса ірі сауда, мәдениет орталығы, стратегиялық маңызы зор Алеппо қаласына шоғырланып жатыр. Дәлірегі, жыл басынан бері 602 759 сириялық босқын отанына оралған. Бұл жайында халықаралық көші-қон ұйымы мәлім етті.

Аталмыш ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, сириялық босқындардың 84%-ы соғыс өртінің зардабы қатты сезіле қоймаған Сирия аудандарынан келген, сырттан, көбінесе көршілес мемлекеттерден, атап айтқанда, Ливаннан, Иорданиядан, Түркиядан және Ирактан 16%-ы ғана оралған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу