600 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаж

582

Бүгінгі күні әкімдіктерде тұрғын үйге мұқтаж 613 мыңнан астам азамат кезекте тұрса, 222 мыңы әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. 

600 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаж

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мың адам бар. Оның 51 мыңы көпбалалы отбасылар,         

2 мыңы жетім балалар, 10 мыңы 1 және 2 топтағы мүгедектер және 7 мыңы мүгедек баласы бар отбасылар.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алғаны үшін, тұрғын үй төлемдерінің тетігі әзірленді, тиісті қағидалар әзірленіп, 
Отбасы банкі базасында цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 25 мыңнан астам өтінім қабылданып, оның 6 мыңға жуығы мақұлданды", - дейді Өскенбаев.

Биыл республика бойынша 15,1 млн шаршы метр немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның ішінде, көп қабатты үйлерде 90 мыңнан астам пәтер және 47 мың жеке тұрғын үй.

Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты шеңберінде 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу