600 тонна газ құйылған 18 вагон Ақтауға жол тартты

886

600 тонна газ құйылған 18 вагон Ақтауға жол тартты

Соңғы күндері Ақтаудағы сұйытылған газды сатып алу орындарында отынның жетіспеушілігіне байланысты, кезекке тұрушылар қарасы көбейген. Қалада сұйық газ жетіспеушілігі проблемасы ҚазГӨЗ жөндеуден өтіп, толық іске қосылғаннан кейін өз шешімін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған қоса жергілікті билік Ақтөбе облысынан 2 мың тонна газ әкелу мәселесін шешті.

Алғашқы 600 тонна газ құйылған 18 вагон жолда келе жатыр. Қазір вагондар Маңғыстау облысының Бейнеу стансасында, ертең таңертең 10-да Маңғышлақ стансасына келеді. 20 мамырда таңертеңгі сағат 9-да тізім бойынша кәсіпкерлерге газ таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу