600 тонна отқа төзімді бұйым Ресейге жөнелтіледі

892

 600 тонна отқа төзімді бұйым Ресейге жөнелтіледі

Қарағандыдағы отқа төзімді бұйымдар шығаратын зауыт отандық және шетелдік нарыққа өз өнімдерін шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Алғашқы 500 тонна тауар Теміртау металлургиялық комбинатына жөнелтіліп, өндірістік сынақтан өткізіліп жатыр. Ал қалған 600 тонна Ресейге жөнелтілді.

Айта кетейік, зауыт осы жылдың маусым айында шетелдік инвесторлардың қаражатына салынды. Әзірге Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын. өндіріс ошағы жылына 55 мың тонна отқа төзімді бұйым шығаруға қауқарлы.

"Біздің өндіріс экспортқа бейімделген. Бұйымдардың 75-80 пайызын экспортқа жөнелтеміз. Қазір Ресейдің көптеген металлургиялық комбинаттары біздің өнімді алып жатыр. Тапсырыс жеткілікті. Өндірістік сыннан өткеннен кейін, тапсырыстар үзіліссіз түсіп тұратынына сенімдіміз", - дейді зауыттың бас директоры Максим Глазунов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу