608 мыңнан аса қазақстандық баспанаға мұқтаж – ИИДМ

772

Бүгінде Қазақстанда 608 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

608 мыңнан аса қазақстандық баспанаға мұқтаж – ИИДМ

"Бүгінде еліміз бойынша әкімдіктерде баспанаға мұқтаж 608 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағынан халықтың осал топтары 242 мың адам, көпбалалы отбасылар – 85 мыңнан астам, бюджет қызметкерлерінің саны 271 мыңнан астам, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 60 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр", – деді Әзімбек Нәлібаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оный айтуынша, бұл адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. 

"Жалпы әкімдіктер тарапынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспаналар, ипотекаға берілетін үйлер салынуда. Сондай-ақ "Отбасы банк" АҚ жеңілдетілген қарыздар беріліп жатыр", – деді комитет төрағасының орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу