62 жас маман "Самұрық-Қазынаның" компанияларында тағылымдамадан өтеді

717

"Самұрық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы "Цифрлық жаз" бағдарламасының үшінші толқынын-жас мамандар үшін үш айлық тағылымдама мерзімін іске қосады.

62 жас маман "Самұрық-Қазынаның" компанияларында тағылымдамадан өтеді Фото: Мария Матвиенко

Бағдарлама қазақстандық ЖОО-лардың бакалавриат және магистратура студенттеріне қордың 11 портфельдік компанияларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды қордыңқоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті

2018 және 2019 жылдардың қорытындысы бойынша бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Осылайша, жоба іске қосылған сәттен бастап компаниялар тобына 43 стажер жұмысқа орналасты.

"Биылғы жылдың екі айы ішінде 2289 өтінім өңделді, 29 асессор тартылды. Қазіргі уақытта 41 финалист 4 кезеңді іріктеуден сәтті өтті және "Цифрлық жаз 2020" бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 1 шілде – 31 тамыз аралығында тағылымдамадан өтуге дайын. Сонымен қатар, жобаның 21 қатысушысы – алынған сертификат негізінде қатысуға рұқсаты бар бағдарламаның өткен жылғы түлектері. Өтінімдер әлеуметтік желілердегі таргеттелген жарнама, жастар ұйымдарына ақпарат тарату, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарына ресми хаттар арқылы тартылды",– деп жазылған қордың хабарламасында.

Жаңа шарттарға сәйкес, бағдарламаға тек IT саласындағы мамандар ғана емес, сонымен қатар HR, әкімшілік қызмет, инженер-технологтар, инженермеханиктер, химиктер-технологтар, техникалық мамандықтар, геологтар мен мұнай-газ ісінің мамандары, инженер-экологтар тартылған. Сонымен қатар, тағылымдаманың географиялық қамтылуы кеңейтіліпті.

"Егер өткен жылы тағылымдама Нұрсұлтан және Алматы қалаларында өтсе, биыл қатысушылардың келесі қалаларда: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Екібастұз қалаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар",– дейді қордан.

Айта кету керек, әрбір қатысушыға компания қызметкерлері арасынан жеке тәлімгер бекітіледі. Сонымен қатар, қатысушылар 50 000 теңге көлемінде ай сайын стипендия алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу