63 ұйым үкіметтік емес ұйым сыйлықақыға ие болды

1335

63 ұйым үкіметтік емес ұйым сыйлықақыға ие болды

ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен Қазақстанның VIII Азаматтық форумында үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарайды министрліктің баспасөз қызметі.

Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде әлеуметтік мақсаттарды шешуге елеулі үлес қосқаны үшін 63 ҮЕҰ сыйлықақыға ие болды. Сыйлықақылардың мөлшері 2 000 АЕК, яғни
4,8 млн теңгені құрайды.

Жалпы 196 өтінім қарастырылған. Өтінімдер мемлекеттік орган, халықаралық ұйым өкілдері, танымал қоғам қайреткерлері мен тиісті бағыт бойынша сарапшылар қатарынан құралған 74 сарапшылармен бағаланды.

Сыйлықақылар білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт; азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясатын мен балалар бастамасын қолдау; азаматтар мен ұйымдардың құқығын, заңды мүдделерін қорғау; мәдениет пен өнерді дамыту және т.б. салаларда көзделген мақсаттарға жету номинациялары бойынша берілді.

Сыйлықақы иегерлерінің ішінде - "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ, "Асыл Бала" ҚҚ, "Мүгедек жастар қоғамы" ҚБ, "Қазақстанның экологиялық қоры" ҚҚ, "Қазақстанда дәстүрлі музыканы дамыту қоры" ҚҚ, ""Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" ҚҚ, "Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы" ҚБ, "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестік" ҚҚ, "Десента" ҚҚ және т.б. бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу