63 жеміс ағашы рұқсатсыз кесілген: Алматы әкімдігі жауап берді

519

Ағащтарды кесу жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген. Сондықтан тиісті тексеру актісі жасалды.  

63 жеміс ағашы рұқсатсыз кесілген: Алматы әкімдігі жауап берді Фото: zakon.kz

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары "Нұрлы тау" 46 шағын ауданын тексеру кезінде 63 жеміс ағашының заңсыз кесілгенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Заңсыз әрекеттен келтірілген залал 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерінде бағаланып отыр. Бұдан басқа кінәлілер өтем ретінде ағаш егуге тиіс екені де қарастырылған. Демек өтемі ретінде егілетін ағаш көлемі - Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне сай 3150 ағаш. Олардың биіктігі кемінде 2,5 метр болуы керек", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында одан әрі қарай тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу