64 жастағы Екібастұз тұрғыны велосипедпен Балқаш көлінің үстінен жүріп өтпек

1237

64 жастағы Екібастұз тұрғыны велосипедпен Балқаш көлінің үстінен жүріп өтпек

Павлодар география үйінің мүшесі, 64 жастағы зейнеткер, екібастұздық Анатолий Пырлик велосипед арқылы әлемдегі ірі көлдердің бірі Балқашты мұз үстінен жүріп өтпек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Балқаш көлінің ұзындығы 605 шақырым, әртүрлі табиғи бөгеттерді есепке алғанда жол қашықтығы 850 шақырымды құрайды.

"Жергілікті көлдерде мұз үстінде дайындаламыз, командамызда екі адам. 13-ақпан күні біз Балқашта болуымыз керек, себебі ол жақта ауа райы күрт жылып кетуі мүмкін. Сапар 14 күнге созылады, күніне 50-ден 70 шақырымға дейін жүріп отырамыз. Өз қаражатымызға термо-көрпе, шатыр сынды заттар алдық. Бірақ бұл бізге жеткіліксіз, демеушілер керек", – деді Анатолий Пырлик.

Экспедицияның негізгі мақсаты – әлемдегі ең ірі көлдердің бірінің экологиялық жағдайымен және тұрғындардың салт-дәстүрімен танысу. Саяхатшы аталмыш сапарын "ЭКСПО-2017" көрмесіне арнауды жоспарлап отыр.

"Егер Балқашқа бара алмасақ, ресейлік география бірлестігінің шақыртуымен наурызда Сібірге жол жүремін. Ол жақта 650 шақырымдық Байкал көлін мұз үстінен жүріп өтпекпін", – деп сырымен бөлісті екібастұздық тұрғын.

Айта кетейік, Анатолий Пырлик пен оның командасы Балқашты мүз үстінде велосипедпен бағындырса, әлемдік рекорд орнатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу