640 адам азаматтық алады

769

640 адам азаматтық алады

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тәуелсіздік алған сәттен бастап  Қазақстанның азаматы болуға ниет білдіруші адамдар санының ұдайы өсуі байқалады. Осы жылдар ішінде еліміздің халықаралық беделі айтарлықтай өсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында  этносаралық қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасты, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы нық қадамдар жүзеге асырылды",- деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау  және одан шығару мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шет елден келген түрлі этностың 640 өкілі қазақстандық атанатын болады. Комиссия отырысының қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу