65 мың алматылық 1 қазаннан бастап банктік қызметтерді ала алмайды

Белгіленген кезеңде салық төлемегендерден қарыз сомасының 25% құрайтын сот шығындары ұсталады. 

65 мың алматылық 1 қазаннан бастап банктік қызметтерді ала алмайды

Биылғы жылдың 1 қазанында 2021 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Ал оны уақытылы төлемегендерге қатысты қандай шаралар қолданылады?

Бұл туралы Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Жеке меншік үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және өзге де құрылыстары бар тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады. Салық төлеу мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанына қарамастан, Алматы қаласының 65 215 тұрғыны жалпы сомасы 945 млн теңгеге салық төлемеген. Төленбеген салықтың ең ірі сомасы Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғынына тиесілі, оның сомасы 15,5 млн теңгені құрайды", – деп хабарлады қалалық МКД.

Осылайша, 1 қазанға дейін салық төлемеген тұлғалар заңнама нормаларына сәйкес банк қызметтерін ала алмайды, оның ішінде банк шоттар ашып, аударымдар жасап, несие рәсімдеуге шектеу қойылады.

"Сонымен қатар мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Бұдан басқа, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салықтық бұйрықтарды жібереді, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлік пен банк шоттарына тыйым салуды, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеуді қолданылады", – деп ескертті кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қарыз сомасының 25% құрайтын сот шығындары ұсталады.

"Салық төлемеуге байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын күндері жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуге шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады", – деп түсіндірдің ведомствоның баспасөз қызметі.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу