65-тен асқан адамдарға саяжайға баруға рұқсат жоқ

1499

Бау-бақшаға жеке көлікпен ғана қатынау керек.

65-тен асқан адамдарға саяжайға баруға рұқсат жоқ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорда іргесіндегі саяжайларға шығудың тәртібін түсіндірді.

"27 сәуірден бастап халықтың аула алаңдары мен саяжайларға шығуына рұқсат берілді. Қалада 64 саяжай серіктестігі бар. Онда 20 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бақша учаскелерінің иелеріне карантиндік аймақтан саяжайға дейін бару үшін мына шарттарды сақтауы керек. Біз саяжайға шығатын арнайы уақытты белгіледік. Карантиндік аймақ шеңберінде таңғы сағат 6.00-ден басталып кешкі сағат 20.00-ге дейін жеке көлікпен қозғалуға рұқсат етіледі. Саяжай серіктестігінің мүшесі екенін дәлелдейтін мөрлі анықтама мен жер учаскесінің пайдалану мақсаты көрсетілген мемлекеттік акт қолында болуы керек. Жасы 65-тен асқан азаматтарға бақша учаскелеріне барудан тартыну қажет. Кәмелетке толмаған балаларға ата-ананың немесе 18-ден асқан ересек туысының жетегінсіз бақшада болуға тыйым салынады", – деді қала әкімінің орынбасары.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу