Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақтандыру мақсатында Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Оның ішінде, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды. Бұған қоса, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуіне шектеу қойылды. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына да тыйым салынды. Себебі бұл жастағы қариялар вирус жұқтырып алу қаупі жоғары, тәуекел тобына жатады. Алайда қоғамның өзге тобына ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат етілді.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу