650 млн теңгені иемденген 6 алаяқ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1078

Алматы қаласында жұмыс істеген "Астра консалтинг" қаржы пирамидасы 125 адамды алдап, 650 млн теңгені иемденіп кеткен.  

650 млн теңгені иемденген 6 алаяқ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Компания қызметкерлері азаматтардың ақшасын тарту үшін өздерін қаржы нарығының кәсіби қатысушылары ретінде көрсетіп, салынған ақшадан жоғары табыс әкелуге уәде берген. Алайда олардың қаржы нарығына еш қатысы болмаған. Қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. 6 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы қамауда отыр", – деді тергеу департаментінің басшысы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу