656 кәсіпкерден шағым түскен

700

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарайтын ұйым мүшелерінің айтуынша 596-сі жедел түрде қаралып, оң шешімін тапқан.

656 кәсіпкерден шағым түскен

Соңғы 1 жылда 656 кәсіпкер бизнесіне кедергі келтіргендердің үстінен шағым түсірген. Бұл "Protecting business and investments" жобасы аясында анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарайтын ұйым мүшелерінің айтуынша 596-сі жедел түрде қаралып, оң шешімін тапқан.

Бизнесмендердің құқығын қорғауда тек ұлттық бюро өкілдері емес, сыртқы істер министрлігі, инфрақұрылымдық даму министрлігі де бірлесіп атсалысуда. Кеңселік жоба кол-орталық арқылы қызметін атқарады. Оған кез-келген қысым көрген кәсіпкер хабарласа алады.

"Кәсіпкрелерге қысым жасаған, әкімшілік барьер құрған мемлекеттік қызметшілер де бар. Жалпы 81 мемлекеттік қызметкерді жауапқа тарттық, 21 әкімшілік, 61-і тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды",– дейді жоба жетекшісі Айдос Мамыт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу