66 млн теңге жымқырылды

849

Ақтөбе облысының "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ менеджерінің ұрлығы әшкере болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратқа сүйеніп.

66 млн теңге жымқырылды

"Ол өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатты. Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды", – деп жазылған хабарламада.­

3 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынған. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу