660 адам Алматыны тазартып жатыр

1172

Қалпына келтіру жұмыстары тазартудан кейін басталады.

660 адам Алматыны тазартып жатыр

Алматы қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Оған 660 адам жұмылдырылды, тазарту жұмыстары жуырда аяқталады. Қираған жиһаз, оргтехника, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі. Бөгде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынады", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қалпына келтіру жұмыстары тазартудан кейін басталады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу