67 млн тонна мұнай қоры бар жаңа кен орындары игеріледі

1077

67 млн тонна мұнай қоры бар жаңа кен орындары игеріледі

Атырау облысындағы Каспий теңізі қайраңында 67 млн тонна мұнай қоры бар жаңа кен орындары игеріледі. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

"Қазіргі уақытта НКОК акционерлері Солтүстік Каспий жобасы аясында өңірдегі бизнес-әріптестермен басқа кен орындарымен  ымыраға келу арқылы перспективалы жаңа жерлерді игеру жақтарын қарастырып жатыр. НКОК "Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В." компаниясымен шығындарды төмендету мақсатында өзінің Қаламқас-море және  "Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В." компаниясының Хазар кен орындарын бірлесіп игеру жөнінде әріптестік байланыс орнатты". Бұл екі кен орнын қосқандағы мұнай қоры 67 млн тоннаны құрайды. Бірлесіп игеру Орта Каспийдегі жаңа кезеңдер мен жаңа кен орындарын игеруге септігін тигізуі ықтимал", — дейді "НКОК" компаниясының техникалық директоры Рам Ситхарам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу