Әлемнің 69 мемлекеті туристтер үшін шекарасын жапты, деп хабарлайды Аtameken Business. Еуропаның да бірқатар мемлекеті пандемия кезінде туристерді қабылдауға әзірге дайын емес. 69 мемлекеттің ішінен 38 бағыт бойынша шекара 40 аптаға жабылған. Әлемде коронавирустың жаңа түрлерінің таралуына байланысты ел үкіметтері осындай шешім қабылдауда. Дүниежүзілік туристік ұйым мамандарының мәліметінше әрбір үшінші мемлекет қазір туристерге шекарасын жапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу