697 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды

1555

Қала мен ауыл арасында цифрлық алшақтық болмайды.  

697 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды Фото: inform.kz

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев құрылысы биыл аяқталатын ауылдық жерлерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жобасы жүзеге қалай асырылып жатқанын жариялады. 

"Талшықты-оптикалық байланыс желісі қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жояды", – деді Қуанышбек Есекеев үкімет отырысында сөйлеген сөзінде. 

Басқарма төрағасының баяндауынша, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына аясында 2018 жылы ауылдық елдімекендерді кең жолақты интернетпен қамту жобасы қолға алынды. Шара шеңберінде 14 514 шақырымды құрайтын қашықтыққа кең жолақты интернет тарту жоспарланды. Бүгінге дейін жоспардың 90% орындалды. 

"Осы уақытқа дейін еліміздің 697 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жоба толық аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 131 ауылға жылдамдығы жоғары интернет жеткізіледі", – деді Қуанышбек Есекеев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу