7-20-25 бағдарламасы: 14 мыңдай өтінім мақұлданбады

868

2 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 386,08 млрд теңге сомасына 33 635 өтінім қабылданды. 

7-20-25 бағдарламасы: 14 мыңдай өтінім мақұлданбады

"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 33 635 өтінім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"2020 жылғы 10 шілде "7-20-25" Бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 386,08 млрд теңге сомасына 33 635 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 227,88 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 687 өтінім мақұлданды",– деп жазылған тараған ақпаратта.

Бағдарлама бойынша сұрақтар болса "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ-ға (+ 7 (727) 227-20-25)  қоңырау шалуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу