"7-20-25" бағдарламасы аясында қарызды онлайн режимде мақұлдау тетігі болады

1381

 Жобада әлеуетті қарыз алушыға қашықтықтан ипотекалық несие алу мүмкіндігін қарастыруға өтініш беріп, екінші деңгейлі банктердің мақұлдауын алуға жағдай туғызатын жүйені құру көзделген.

"7-20-25" бағдарламасы аясында қарызды онлайн режимде мақұлдау тетігі болады

"7-20-25" бағдарламасы аясында заемды онлайн режимде алдын ала мақұлдау тетігі әзірленуде. Бұл туралы парламент сенатында әлеуметтік тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған дөңгелек үстелде "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ басқарма төрағасы Қайрат  Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін "7-20-25" бағдарламасы бойынша заемды онлайн режімде алдын ала мақұлдауды іске асыру тетігі әзірленуде. Жобада әлеуетті қарыз алушыға қашықтықтан ипотекалық несие алу мүмкіндігін қарастыруға өтініш беріп, екінші деңгейлі банктердің мақұлдауын алуға жағдай туғызатын жүйені құру көзделген", – деді ол.

Осы орайда әлеуетті қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау  мақсатында тиісті ақпаратты алу үшін жүйелерді біріктіру ескеріліп отыр.

"Жүйе әлеуетті қарыз алушыларға банктерге бармай-ақ, қажетті анықтамаларды жинамастан өзінің төлем қабілеттілігін бағалауға, серіктес-банктердің мақұлдауын алуға және ең тиімді банк пен талаптарды таңдауға мүмкіндік береді", – деді Қайрат Алтынбеков.

Жүйеде ипотекалық қарыз алуға өтініштер беру кезінде талап етілетін барлық құжаттар, анықтамалар және есептер бойынша электрондық мұрағат құрылады да қағаз құжаттамаларды жинаудың әрі сақтаудың қажеттілігі болмайды.

Айта кетейік,қазіргі уақытта бағдарламаға елдің барлық өңірлерін қамтитын екінші деңгейдегі 8 ірі банк қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу