"7-20-25" бағдарламасы мақұлдаған өтінім бөлінген қаражаттан асып кетті

788

Дегенмен бағдарлама қаражат толық игерілгенге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. 

"7-20-25" бағдарламасы мақұлдаған өтінім бөлінген қаражаттан асып кетті Фото: novostroy.kz

Бағдарлама операторы – Қазақстанның орнықтылық қоры да Ұлттық Банк басшысының сөзін растады, деп жазады inbusiness.kz krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Қордың дерегінше, 2022 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша аталған бағдарлама бойынша 93 933 өтінім мақұлданды. Несиенің жалпы сомасы 1.29 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 732.8 млрд теңге сомасына 56 144 несие берілді.

Бұл ретте бағдарламаға бөлінген қаражат сомасы 1 трлн теңгені құрайды. Ал мақұлданған өтінім саны сол шектен 290 млрд теңгеге көп. Дегенмен берілген қарыздардың сомасына ғана назар аудару керек.

Қордың мәліметінше, мақұлданған өтінімдердің бір бөлігіне кепілді рәсімдеу процесінен өте алмауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, "7-20-25" бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. 7% ипотеканы жеке тұрғын үйі жоқ кез келген ҚР азаматы ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу