Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
"2023 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 873,6 млрд теңгеге 65 554 қарыз берілді", – деп жазылған бас банк хабарламасында.
Қарыздардың көбі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында берілген.
Мәселен, елордада 359,5 млрд долларға 23130 өтінім мақұлданған.
Ал Алматыда 199,7 млрд теңгеге 13055 өтінім мақұлданды.
Шымкентте 60,9 млрд теңгеге 5034 адамға несие берілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шлттық банк жыл сайын "7-20-25" бағдарламасына 100 млрд доллар бөлінетінін, ьағдарлама жалғасатынын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу