7-20-25 бағдарламасын орындауға 200 миллиард теңге бөлінеді

773

 7-20-25 бағдарламасын орындауға 200 миллиард теңге бөлінеді

Еліміздегі банктер жыл басымен салыстырғанда несие беруді 4 есе көбейткен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыру үшін алдағы жылы  200 млрд теңге бөлінбек. Жалпы бұл қаражат болашақта 1 трлн теңгеге жетіп, банктердің несие портфелін 2 трлн теңгеге дейін арттырмақ.

Сонымен қатар, долларсыздандыру үрдісі жалғасып жатқанын тілге тиек етіп, ұлттық валютада қаңтар мен сәуір айларында берілген несие мөлшері 2,4% көбейгенін жеткізді. Ал, шетел валютасындағы кредиттер керісінше 8%-ға азайған. Бұдан бөлек шетелдік ақшада салынатын салымдар да азая түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу