"7-20-25" бағдарламасына 29 350 адам өтініш тапсырған

961

Осылайша 17 328 адамның өтініші мақұлданды.  

 "7-20-25" бағдарламасына 29 350 адам өтініш тапсырған

2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасымен қарыз алуға 333,87 млрд теңге сомасына 29 350 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 198,97 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 328 өтінім мақұлданды, деп хабарлады "Қазақстанның орнықтылық қоры" баспасөз қызметі.

"198,97 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 328 өтінім мақұлданды. 7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Қазақстанның орнықтылық қоры" Акционерлік қоғамына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асырушы оператор "Қазақстанның орнықтылық қоры" Акционерлік қоғамы болып отыбылады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу