"Қаржыландыру жоқ, бағдарлама тоқтатылды", - деп жауап берді көптеген банк Krisha.kz сайтының журналисі қойған сауалға.
Тек "Халық банк" өтінімдерді қабылдау сәуірде басталғанын, бірақ нақты ақпаратты бөлімшелерден алуға болатынын жеткізген.
Банк Фридом Финанс 45 күн бойы жарамды, бірақ ипотеканы ресімдеу кепілдігінсіз алдын ала өтінімдерді қабылдайды.
Ал, Altyn Bank екінші тоқсанға арналған лимит таусылғанын, шілде айында өтінімдерді қабылдау қайта басталатынын айтқан.
"Екінші тоқсанның лимиті қазірдің өзінде қолданыста, банктерге несие беруге және бізге сатып алуға жіберуге рұқсат етілген. Неліктен барлық банктердің бастамағаны – олардың ішкі мәселесі. Бәлкім олар бірінші тоқсанның есептілігін жауып, филиалдар бойынша бөлуді жүзеге асырып жатқан шығар. Кейбір банктер қаңтардағы өтінімдер бойынша несие береді", - деп түсіндірді "Қазақстандық тұрақтылық қоры" Сыртқы коммуникациялар қызметінің менеджері Айбар Олжаев.
Айта кету керек, өткен жылдың аяғында елімізде "7-20-25" бағдарламасы 2029 жылға дейін ұзартылды. Алайда қаржылық қамтамасыз ету жылына 100 млрд теңгеге дейін деп белгіленген.
Осы жылдың І тоқсанында банктер жалпы сомасы 25 207 093 745 теңгеге 1 548 ипотекалық несие берген.
Өңірлер арасында Астана (13,9 млрд теңгеге 800 қарыз), Алматы (4,7 млрд теңгеге 276 қарыз), Шымкент (1,4 млрд теңгеге 87 қарыз) көш бастап тұр.