"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы қай уақытқа дейін жалғасады?

985

Ұлттық Банктің қаулысы бойынша бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасады. 

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы қай уақытқа дейін жалғасады? Фото: baspana72025.kz

Ұлттық Банк Төрағасы Ғалымжан Пірматов "Ақ жол" фракциясының депутаттарының сауалына берген жауабында экономикаға мемлекеттік қатысу, нарықтық қаржыландыру және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы да бар, деп жазады inbusiness.kz

"Экономиканы кредиттеуге мемлекеттің қатысу үлесін төмендету аясында Ұлттық Банк мемлекеттік бағдарламалардан шығу процесін жалғастыруда. 2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрады", - деп жазды ҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Оның хабарлауынша, болашақта тағы 2 бағдарлама аяқталады деп күтілуде.

"Олар – Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жалғасатын "7-20-25" бағдарламасы және импортты алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталған "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейді", - деп нақтылады Ғалымжан Пірматов.

Ұлттық Банктің https://nationalbank.kz/kz/news/ipotechnoe-kreditovanie-po-programme-72025/6225 қаулысына сәйкес, "7-20-25" бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу