"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

894

"7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламалары ұзартылуы мүмкін. Үкімет қазір осы мәселені талқылауға кірісті. 

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

Бұл туралы тұрғын үй саласына жауапты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді. Қайырбек Өскенбаев аталған бағдарламаларға халық тарапынан да құрылыс компаниялары жағынан да сұраныс жоғары екенін айтты.

Бұған дейін аталған "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламаларын биыл аяқтау жоспарланған болатын. Тіпті, қосымша қаржы бөлуде тоқтатылған еді.

Айта кетсек, бағдарлама шарттары бойынша тұрғын үйге ипотеканы жылдық 7%-бен алуға болады, бастапқы жарна 20%-ды құрайды, қарыз мерзімі 25 жылға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу