"2019 жылы 25 желтоқсанда "Баспана" ипотекалық ұйымын" "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ға біріктіру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды",– деп хабарлады бүгін ипотекалық ұйым.
Дәл осындай ақпаратпен Қазақстанның орнықтылық қоры да бөлісті. Сонымен қатар акционерлік қоғам өзгерістер басқару құрылымын оңтайландыру, қойылған міндеттерге қол жеткізу, активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қайта ұйымдастырылған қор әрбір қазақстандық отбасы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша өз миссиясын сақтайды және "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын және "Баспана Хит" нарықтық ипотекалық өнімін іске асыруды жалғастырады", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.