"7-20-25" шеңберінде қарыз беруге 13 748 өтінім мақұлданды

750

134,2 млрд теңге сомаға 11 674 қарыз берілген.

"7-20-25" шеңберінде қарыз беруге 13 748 өтінім мақұлданды

"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 23 436 өтінім қабылданды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз алуға 265,3 млрд теңге сомасына 23 436 өтінім қабылданды. Оның ішінде 157,6 млрд теңге сомаға қарыз беруге 13 748 өтінім мақұлданды, 134,2 млрд теңге сомаға 11 674 қарыз берілді",– делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ипотека тек жаңа баспананы сатып алуға беріледі. Жылдық номиналды сыйақы жарнасы – 7%, бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы, шектік мерзім – 20 жыл.

Банктер ипотеканы тек теңгемен береді. Бұл ретте сатып алынатын баспананың шектік бағасы әр өңірде әр түрлі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу