"7-20-25" шеңберінде қарыз беруге 20 мыңнан аса өтінім қабылданды

1086

Соның ішінде 11 934 өтінім мақұлданған.

"7-20-25" шеңберінде қарыз беруге 20 мыңнан аса өтінім қабылданды

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 227,2 млрд теңге сомасына 20 137 өтінім қабылданды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 136,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 11 934 өтінім мақұлданған.

Ұлттық банктің қаулысымен "7-20-25" бағдарламасы өткен жылдың 31 мамыр күні бекітілген болатын. Ал іс жүзінде несие беру 2018 жылдың екінші жартысында басталды. Алғашқы ипотека шілде айында берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу