"7-20-25" шеңберінде қарыз беруге 5 мыңдай өтініш мақұлданды

853

20 қаңтардағы жағдай бойынша, жалпы 8 866 өтініш қабылданған.

"7-20-25" шеңберінде қарыз беруге 5 мыңдай өтініш мақұлданды

"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алуға 98,2 млрд теңге сомасына 8 866 өтініш қабылданды. Оның ішінде 57,4 млрд теңге сомасына қарыз беруге 4 997 өтініш мақұлданды", – делінген хабарламада.

"7-20-25" бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша "Баспана" ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу