7 287 студентке білім несиесі берілді

654

Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ талапкерлер мен студенттердің оқу ақысын төлеу мерзімін 10 жылға ұзартты. Бұл үшін 7 287 студентке білім несие берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

7 287 студентке білім несиесі берілді

"Қаржы орталығы" АҚ білім алушылардың несиесіне кепілдік береді. Бағдарлама мемлекеттік білім грантын ала алмаған талапкерлер мен студенттерді қолдауға арналған. 

Айта кетейік, биыл мемлекеттік грант саны 5 мыңға артты. Бакалаврға – 56 мың, магистратураға – 13 мыңнан және докторантураға – 1 800-ден астам мемлекеттік грант тағайындалды. 

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ізденушілер мемлекет кепілдігімен несие рәсімдеу арқылы оқу ақысын төлей алады. 

"Білім несиесін алған студент оқуын аяқтағаннан кейін 6 айдан соң негізгі қарызды өтей бастайды. Несие мөлшері шектелмеген, ең бастысы, ол оқу құнынан аспауға тиіс. Түлек айыппұлсыз қарызды мерзімінен бұрын төлей алады", – деп нақтылады баспасөз қызметі.  

Несие екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімделеді. Талапкер білім беру несиесін алу үшін серіктес қарыз алушыны ұсынуға тиіс. Ол банкке жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы кірісі мен зейнетақы аударымы туралы анықтамаға тапсыруға міндеттеледі. Екінші деңгейлі банктің оң шешімінен кейін қарыз шарты жасалып, тиісті қаражат оқу орнының шотына аударылады.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу