7,4 млрд теңге үкіметке қайтарылды

842

Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 82 қылмыс тіркеген.

7,4 млрд теңге үкіметке қайтарылды

AntikorLive жобасы аясында ұйымдастырылған тікелей эфирде агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев жемқорлыққа қатысты істер аясында үкіметке қайтарылған қаражат туралы сөз қозғады.  

"Алты айдың ішінде 7,4 млрд теңгені үкіметке қайтардық. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі, әуежай ісі бойынша қайтарылған сома. Аталған фактілерге қатысты іс қозғалып, қарсы тарап айыптарын толық мойындағаннан кейін қаражат қайтарылып, қылмыстық іс қысқартылды. Бұдан өзге 1 млн, 5 млн теңге сынды қайтарылған сомалар көп. Бірақ ішіндегі ең көбі осы сома", – деді департамент басшысы. 

Бұған қоса Нұрлан Қыдырбаев агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жасаған жұмыстары статистикасына тоқталды.  

"Жыл басынан бері 82 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 62 ауыр қылмыс бар. Ал 52-сі жемқорлыққа қатысты. 51-і қазіргі кезде сотқа жіберілді. Олардың ішінде әуежай бойынша, Байқоңыр аудыны бойынша істер сотқа жіберілді", – деді Нұрлан Қыдырбаев. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу