7 400 сотталушы мемлекет пен жәбірленушілерге 296 млрд теңге қарыз

1393

Бас бостандығынан айырылғандардың жұмыссыздығын жою мәселесі күн тәртібіне қойылды.  

7 400 сотталушы мемлекет пен жәбірленушілерге 296 млрд теңге қарыз

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/1

мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

Бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел басында қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов сөз сөйледі. Ол бас бостандығынан айырылған 23 мың адамның 9 мыңы ғана жұмыспен қамтылғанын айтты. Оның сөзінше, сотталғандардың үштен бір бөлігі күніне бірнеше сағат немесе бір айда бірнеше күн ғана жұмыс істейді.

"Біз сотталғандардың жұмыссыздығын жою мәселесін күн тәртібіне қойып отырмыз. Себебі 7 400 сотталған адамның мемлекет пен жәбірленушілердің алдында 296 млрд теңге қарызы бар. Былтыр небары 1,5 млрд теңге қарыз жабылды", – деді ол.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу